Әрбір мұсылман Алланың шақыруына жауап беруі шарт. Егер кімде кім мұсылман болса, денсаулық және қаражат мүмкіндігі жеткілікті болса, өмірінде бір рет қасиетті Мекке қаласына қажылық сапарына баруы міндет. Қажылық пен умра - Алланың басты құлшылығының бірі.
Қажылық - ол жер бетіндегі ең бірінші тұрғызылған үйге бастар - ұлы жол. Алланың бар екеніне, жалғыз екеніне шынайы сеніммен оның заңдарына бағыну. Алла барлығынан үстем және ұлы. Алланың алдында қабыл болған қажылықтың сыйынан асқан сый жоқ. Ол - текқана Жәннәт!
Мекке және Мәдина қаласына қажылық сапармен барған әр-бір мүминді бір ой мазалайды. Қағбаны өз көзімен көру ол айтып жеткізе алмайтын ұлы сезім. Қажылыққа бір рет келген адам ол жерге деген махаббаты артып, қайтадан сол жерлерге келуге асығып тұрады.
Сіздер Исламның дүниеге келген жеріндегі қасиетті және тарихи жерлерде бірегей боласыздар. Ең алғашқы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешітін, Адам ата мен Хауа ананың кездескен жерін, мұсылмандардың алғашқы шайқасқан жерін және Құран аяттары түскен жерді көресіздер.
Егерде сіз маңызды сұрақтаңызға жауап тауа алмай жүрсеңіз немесе шығындарыңызды жеңе алмай жүрсеңіз - қажылық сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Егер сізде қандай да бір арман тілегіңіз болса - Алладан көмек сұраңыз! Мекке - дұғаның қабыл болатын жері.
ұстанатын діні ислам болуы
Кәмілет жасында болуы
Психиатриялық аурулардың болмауы
белгіленген уақытта қажылық өтеу
қажылық өтеуге денсаулығының жарамды болуы
қажылық жасауға қаражаттың болуы
көлік пайдалану мүмкіндігінің болуы
жолда қауіп-қатердің болмауы
Біз әрбір адамның мүмкіндіктеріне сәйкес қажылық
жасай алуына тырысамыз.
«Стандарт» жоғары және төмен болуы мүмкін. Біреулер Қажылықта ең бастысы- қажылық пен оның рәсімдері, ал қонақүй, тамақтану және тағы сол сияқты жайлылық жағдайлары аса маңызды емес деулері мүмкін. Әрине, ол дұрыс. Алайда қажылық оң өтеліп, Алла оны қабыл етуі үшін ойды, сезімдерді, сөз бен іс- қимылдарды кез келген кері әсерлерден сақтау керек. Қажылық өтеуші басты міндетін орындауы үшін оған еш нәрсе кедергі жасамауы тиіс. Қажылық кезінде қай жағдайда болмасын төзім мен сабырлықты жоғалтпаған жөн.
Күтіп алу, шығарып салу
Көлікпен қамтамассыз ету
Қонақ үйге жайғастыру
Қажылықты жетекшімен орындау
Қасиетті және тарихи жерлерді аралау
Күнделікті сұхбат- насихаттар
«Люкс» пакеті, қажыларға жан-жақты, әрі тиімді бағдарламасымен және Мекке, Медина қалаларында үш, төрт жұлдызды қонақ үйлермен сонымен қоса Мина және Арафат жазығында жақсы сервистік деңгеймен ерекшеленеді.
Күтіп алу, шығарып салу
Көлікпен қамтамассыз ету
Қонақ үйге жайғастыру
Қажылықты жетекшімен орындау
Қасиетті және тарихи жерлерді аралау
Күнделікті сұхбат- насихаттар
«Премиум» пакеті бұл әлемдегі ең жоғарғы қажылық компанияларынан үлгі алынып жасалынған «пакет» болып табылады. Ең басты ерекшелігі оның ыңғайлығына және қолайлы бағасында. «VIP» пакеті бағасынан төмен болғанымен, премиуим сервисінің қызметін аласыз. Мекке қаласында Аль-Харам мешітіне ең жақын орналасқан Swissotel Al Maqam 5* қонақ үйінде жайғасу.
Күтіп алу, шығарып салу
Көлікпен қамтамассыз ету
Қонақ үйге жайғастыру
Қажылықты жетекшімен орындау
Қасиетті және тарихи жерлерді аралау
Күнделікті сұхбат- насихаттар
«VIP» пакет бұл өмірден тек жақсысын таңдай білетін кісілерге және де Алланың қалауымен, осы жағдайларға мүмкіндігі бар жандарға арналған. «VIP» пакетін таңдаған қажы сапардың басынан бастап аяғына дейін ең жоғарғы деңгейде өтетініне кепіл береміз.
Күтіп алу, шығарып салу
Көлікпен қамтамассыз ету
Қонақ үйге жайғастыру
Қажылықты жетекшімен орындау
Қасиетті және тарихи жерлерді жеке аралау
Күнделікті сұхбат- насихаттар
Нұр тауы мен оның жоғарғы бөлігінде орналасқан Хира үңгірі, ислам тарихында Пайғамбарымызға (с.а.у.) келген алғашқы Құран аятымен белгілі.
әл-Харам мешітінің ішінде орналасқан Сафа және Маруа төбелерін жеті рет жүру (са`й) - қажылықтың міндетті шарты.
Әл-Харам мешіті араб тілінен аударғанда "Тыйым салынған мешіт" деген мағынаны білдіреді. Бұл Ислам әлеміндегі ең алғашқы мешіт. Ол жерде оқылған намаздың сауабы басқа мешітте оқылған намаздан 100 мың есе артық.
Сәуір тауында Пайғамбарымыз (с.а.у.) мен Абу Бакр құрайыш қуғыншыларынан тығылып 3 күн паналаған.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахих хадисінде қажылық ол - Арафат,- деп айтқан. Яғни Арафатта бірсәт тұрмаған қажының қажылығы дұрыс емес.
Арафаттан күн батқансоң қажылар Муздалифа жазығана барып түнейді. Ол жерден Жамаратқа тас атуы үшін қажылар тастарын жинайды.
Бұл мешітте Пайғамбарымыздың (с.а.у.) оқыған құранын тыңдауға жындар жиналып, иманға келген.
Мина жазығында әлемдегі ең үлкен шатырлы қалашық орналасқан. Қажылық күндері қажылар сол шатырларда тұрады. Мина жазығында шайтанға тас лақтыратын орын - Жамарат орналасқан.
Құба мешіті Медина қаласындағы ең алғашқы салынған мешіт! Бұл мешіттің ең алғашқы ірге тасын Пайғамбарымыз (с.а.у.) қалаған. Бұл мешітте оқылған екі бас намазда умраның сауабы бар.
Бұл әлемдегі жалғыз екі құбыласы бар мешіт. Бір құбыласы Иерусалимге, ал екіншісі қазіргі адамдар бет бұрып намаз оқитын құбыласы Меккеге қаратылған.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешітіндегі оқылған намаз, басқа мешіттегі намаздардан мың есе артық.
Жұма мешіті Пайғамбарымыз (с.а.у.) Меккеден Мединаға хижрат жасап келген кездегі ең алғаш жұма намазын оқыған орынға тұрғызылған мешіт.
Бақиғ қорымында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жанұясының мүшелері (әйелі Айша, қызы Фатима және немересі Хасан) және Ухуд шайқасында жан тапсырған шахидтар жерленген.
Ухуд тауы Мединада орналасқан, Меккелік мүшіріктер мен Пайғамбарымыз (с.а.у.) бастаған Мединалық мұсылмандардың арасындағы соғыс өткен жер.
Біз Алланың қажылыққа шақырған әрбір адамның мүмкіндіктеріне сәйкес қажылық жасай алуына тырысамыз. Сіз мына 5 бағдарламаның бірін таңдай аласыз: Эконом, Стандарт, Luxe, Премиум және VIP.
Алланың алдында қажылықтың қабыл болуы үшін өз ойыңды қорғап, кез-келген жағымсыз эмоциялар мен әрекеттерге төзім білдіру керек. Тіпті эконом жолдамасын таңдаған кезде біз сізге барынша жайлылықты кепілдік етеміз. Сіз басты нысанға құлшылықты қойып, жүрегіңізге жылулық пен қуаныш сыйлай аласыз.
Біздің барлық жетекшілер - қажылық және умраның сарапшылары, ислам жоғарғы оқу орынының түлектері («Нур Мүбарак» Ислам Египет университеті). Жетекшілер сізге өзге мемлекетке тез бейімделуге және маңызды шараға дайындалуға көмектеседі.
«Хикмет Тревел» қажылық компаниясымен қажылық сапарына аттанатын барлық қажыға ұзақ сапарда қажетті қажылық анықтамалығы және нұсқаулығы, дұғалар жиынтығы, жакет, бейджик және тағы басқа қажылық жиынтығы ұсынылады. Толығырақ жолдама құрамы жазбасынан көре аласыз.
DVD-дискіні тегін алыңыз да, тамаша
естеліктен ләззат алыңыз!
Біз сізге кеңес береміз және барлық сұрақтарыңызға жауап береміз.
Жетекші сізді Алматыдан алып кетуді, қонақ үйлерге орналасуды, экскурсия жүргізуді және Алматыға алып қайтуды ұйымдастырады.
Жолдамаңызға байланысты жетекшілер сізді Алматыдан алып кетуді немесе Мәдина әуежайынан күтіп алуды, қонақ үйлерге орналастыруды, экскурсия жүргізуді ұйымдастырады.
Біздің жетекші қажылық рәсімдерін атқаруға көмектеседі.
Тамаша сезіммен, оны еске түсіретін фото және виде түсірілген сыйлықпен елге ораласыз
Сіз 2 сағаттық қажылыққа дайындық сабағынан өтесіз және қажылық анықтамалығы атты кітап аласыз. Сізге жетекші болып тағайындалған қызметкер барлық қажылық рәсімдерін үйретеді.
Адамның өз денсаулығын қорғауы шариғаттың басты заңдарының бірі болып табылады. Қандай да бір істе адамға пайда да зиян да бірдей келуі мүмкін. Ондай жағдайда шариғаттың заңдарына байланысты жақсыны алу және зиянды жоюға болады. Сондықтан әйелдер, ауру-әлсәз адамдарға Мина жазығында түнемеуге және жамаратқа тасты ол кісілердің орнына басқа адамдардың лақтыруына болады. Ол үшін адамдарға күнә жоқ және қате болып саналмайды.
Басқа адамның атынан қажылық жасауға немесе умра жасауға рұқсат. Ол үшін қажылық жасауға қабілетті адам кімнің атынан жасағысы келсе, сол адмның атынан ниет етіп ихрамға кіруі қажет. Бірақ ол адам дүниеден өткен болуы керек немесе денсаулығы мүлдем жарамайтын болуы керек. Өзінің атынан қажылыққа жіберіп жатқан адам, қажылық орындаушыны қажетті құралдармен қамтамасыз етуі қажет.
Адамдар арасында «Премиум» жолдамасын қажылықпен салыстырғанта стереотип пайда болады. Көпшілік адамда Меккеде қажылықта ыңғайлылық және жайлылық қажылықтың мәнісін жоғалтады деп ойлайды. Бұл қате пікір. Қажылықта мүмкіндігі бар адам өзіне жайлылық жасау керек, ал мүмкіндік барлығында бірдей емес. Түйемен және жаяу атқарылған саяхатты салыстырып көріңіз. Біріншісі екіншісіне қарағанды жайлылау. Яғни, әрбір қажылық атқарушы өзінің мүмкіндігіне байланысты қажылығын өтеуіне шариғат тыйым салмаған. Сол сияқты ыңғайлылық Сұлтан немесе оның уәзірінің қажылығы саудагерден, саудагердің қажылығы қарапайым халықтың қажылығынан өзгеше болуы мүмкін. Бастысы ол емес, бастысы өзін өзгеден артық санамау. Алланың алдында тек тақуаларға ғана пайда береді.
Жетекшіңіз сізге аудармашы қызметін атқарады. Ол қазақ, араб, орыс тілдерін жақсы меңгерген.
Сізге сапарға шығар алдында бейджик беріледі. Ол жерде сіздің қонақ үйіңіздің мекен-жайы, жетекшіңіздің аты-жөні және телефон номері жазулы тұрады. Жетекшіңіз осы сияқты күтпеген жағдайда орын алатын жайттар жайында толығырақ түсіндіретін болады.
Өмірлік мақсатыңа жету мүмкіндігі туғанда, эмоцияны ұстап тұру мүмкін емес
Біз сіздерге әрқашанда жолдамаларды таңдауда көмектесуге және барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз
жылдық тәжірибе
қызметкер
адам қажылық және умраға жіберілді
Алматы қаласы, Бұзырбаев көш. 23, Гоголь көш-ң қиылысы
Телефон: +7 (778) 477-76-66, +7 (708) 898-85-88.
Астана қаласы, Қ, Аманжолов көш, 32/1, №2 кеңсе.
Телефон: +7 (778) 477-77-14, +7 (778) 187-97-34
Шымкент қаласы, Телефон: +7 (778) 477-76-66.
Электрондық пошта: hickmet.info@gmail.com